Желтоқсаннан бастап қазақстандықтар Gmail пошталарынан айырылып қалуы мүмкін
Биылғы желтоқсан айынан бастап, Google өз пайдаланушыларының Gmail аккаунттарын, тиісінше пошталарын жаппай жоюға кіріседі.

Әлемдік нарықтың шамамен 93 пайызына ие Google-дың қадам-қарекеттері сарапшыларды қайран қалдырып отыр. Бұл туралы massaget.kz хабарлады. 

Дегенмен, Sauap.org бұдан құтылудың жолын көрсетті. Себебі, "электронды қырғынға" тек белсенді емес аккаунттар ілігеді. Сондықтан Gmail-ды ұзақ уақыт пайдаланбаған адамдар өз аккаунтына кіріп, жазбаларын жаңартса, поштасынан жақын адамына бір-екі сөйлемнен тұратын хат-хабар жіберсе немесе өз аккаунтынан кіріп, YouTube желісінде бейнежазба тамашаласа, жеткілікті.

Қайта қаралған саясатына сәйкес, бұдан былай Google  пайдаланушылардың e-поштада авторизацияланып, хат-хабар жазысуды, Google Drive-ты қолдануды, YouTube желісінде бейнежазбалар қарауды, фотосуреттер алмасуды немесе бағдарламалық қамтылымды, қосымшаларды жүктегенді "белсенділік" деп танитын болады.

Бұл кеңесті Google-дың құлақтандыруы да растайды. Google түсіндіруінше, аккаунттың белсенділігі құрылғының – смартфонның, компьютердің, ноутбуктің немесе басқасының емес, нақты аккаунттың жиі пайдаланылуын талап етеді. Басқаша айтқанда, белсенділігін паш ету үшін пайдаланушы авторизациялануға тиіс.

Бұған қоса, Google-дың бірнеше аккаунты бір құрылғыда қолданылса, онда оның әрқайсысының белсенділігі де жеке-жеке бағаланатын болады. 

Әйтпесе, әлемде миллиондаған адам бір мезетте өз аккаунттарын жоғалтып алмақ. 

Әлемдік алпауыт соңғы 2 жыл бойы белсенді болмай, құр жатқан миллиондаған Gmail есептік жазбаларын жоятынын мәлімдеді. Бұл шара пошталық сервисті елеулі жаңарту науқаны аясында жасалады. Google адамдардың жұмысына, оқуына қатысты дербес аккаунттарға, сондай-ақ кез келген ұйыммен байланысты аккаунттарға тиіспеуге уәде етті. 

Google компаниясы соңғы жылдары жаңа саясатын жүзеге асыратыны туралы өз пайдаланушыларын ескертіп келді. Ол 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап, Gmail және Google Drive сервистеріндегі белсенді емес аккаунттарды өшіріп тастауды қарастырады. Олардағы барлық ақпарат қалпына келтіру мүмкіндігінсіз, мәңгілікке жoйылады.

https://aikyn.kz/258818/zheltok-sannan-bastap-k-azak-standyk-tar-gmail-poshtalarynan-ayrylyp-k-aluy-mumkin
Aikyn.kz қазақтілді ақпараттық сайттардың үздік үштігіне кіреді. Біздің ресурсымыз қазақтілді аудиторияның мемлекеттік тілде сапалы әрі маңызды ақпарат алуы үшін құрылған. Біз пайдалы ақпараттық деректерді ұсынамыз! Біз тарихи деректерді жариялаймыз, салт-дәстүріміздің құндылығы туралы жазамыз, Қазақ әдебиетінің шығармаларын бөлісеміз!

Сіздің реакцияңыз?


Сізге ұнауы мүмкін

Пікірлер

https://readers.kz/assets/images/user-avatar-s.jpg
Бірінші болып пікір қалдырыңыз!