2024 жылдан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы балалардың есеп-шотына аударылады
Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, балалар кәмелет жасына толған соң, бұл қаражатты тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға жұмсайды.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы жас жеткіншектердің арнаулы есеп-шотына аударылады.  Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram-арнасында хабарлады.

«Бүгін Мемлекет басшысы өте маңызды заңға қол қойды. Бұл – Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері туралы құжат. 

Осылайша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген негізгі бастаманың бірі – «Ұлттық қор – балаларға» атты жобаны жүзеге асырудың заңнамалық негізі қалыптасты. 

Енді келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы жас жеткіншектердің арнаулы есеп-шотына аударылады», – деп жазды ол. 

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, балалар кәмелет жасына толған соң, бұл қаражатты тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға жұмсайды. 

«Президент осы заңға халқымыздың саны 20 миллионға жеткен күні қол қойды. Мұның символдық мәні бар деуге болады», - дейді Ерлан Қарин.

фото: gov.kz

https://aikyn.kz/258651/2024-zhyldan-bastap-u-lttyk--k-ordyn--investiciyalyk--tabysynyn--50--y-balalardyn--esep-shotyna-audarylady
Aikyn.kz қазақтілді ақпараттық сайттардың үздік үштігіне кіреді. Біздің ресурсымыз қазақтілді аудиторияның мемлекеттік тілде сапалы әрі маңызды ақпарат алуы үшін құрылған. Біз пайдалы ақпараттық деректерді ұсынамыз! Біз тарихи деректерді жариялаймыз, салт-дәстүріміздің құндылығы туралы жазамыз, Қазақ әдебиетінің шығармаларын бөлісеміз!

Сіздің реакцияңыз?


Сізге ұнауы мүмкін

Пікірлер

https://readers.kz/assets/images/user-avatar-s.jpg
Бірінші болып пікір қалдырыңыз!