Ұлытау облысында шахта жұмысшысы қаза тапты
"Қазақмыс" компаниясының 39 жастағы қызметкері шахтада қаза тапты. Жазатайым оқиға Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында болды.

Ұлытау облысында шахта жұмысшысы қаза тапты

"Жұмысты орындау кезінде 1984 жылғы тау-кен шебері ауыр жарақат алып, көз жұмды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін "Қазақмыс" кенішінде алты жұмысшы жарақат алғаны хабарланған болатын. Конвейердің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар "Стакермен" бірге кен үйіндісіне құлаған. Оқиға Ұлытау облысында "Қазақмыс" тобының "Жыланды" кенішінде болды.

Readers.kz – мультимедиялық, ақпараттық-сараптамалық портал.

Сіздің реакцияңыз?


Сізге ұнауы мүмкін

Пікірлер

https://readers.kz/assets/images/user-avatar-s.jpg
Бірінші болып пікір қалдырыңыз!